Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Темір тордың ар жағы: Петропавлдағы әйелдер мен ерлер колониясындағы сотталушылар қандай мамандықтар алады

Темір тордың ар жағы: Петропавлдағы әйелдер мен ерлер колониясындағы сотталушылар қандай мамандықтар алады

Петропавл кәсіптік колледжі әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатарынан мамандар даярлайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оқу орны оларға мынандай біліктілік бойынша оқыту ұсынады: тігінші және сәнгер пішуші, әрлеу және құрылыс жұмыстарының шебері. Қазір 55 сотталушы білім алуда, осы жылдың маусым айында оларға мемлекеттік үлгідегі дипломдар табысталады.

“Колледждегі оқу мерзімі – 10 ай. Оқыту ҚР-да кеңінен қолданылатын дуалды жүйе бойынша өтеді. Біздің студенттер жұмыс уақытының 60%-ын жұмыс орындарында өткізеді. Қалған 40%-ды теория сабақтарына арнайды. Қыздар жұмыс істейді, олар заң аясында ресімделген, жалақы алады”, – деді өндірістік оқыту шебері және Петропавл кәсіптік колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Наталья Фирсова.

Осылайша, сотталғандар жәбірленушілерге келтірілген залал мен жеке қажеттіліктерді өтеу үшін ақша табады. Кейбіреулерді оқыту өз ісін ашуға итермелейді.

“Бостандыққа шыққан қыздар колонияда екі ЖК ашты. Олар тігуді, еңбек етуді жалғастырып, жазасын өтеп жатқан азаматшаларға жұмыс орындарын ұсынуда”, – деді өндірістік оқыту шебері және Петропавл кәсіптік колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Наталья Фирсова.

Колледж оқытушылары сотталғандарды ерлер колониясында да кәсіби даярлаумен айналысады. Онда слесарь-сантехниктер, электрлі газбен дәнекерлеушілер, кең профильді құрылыс шеберлері, ағаш ұсталары және паркет шеберлері дайындалады.

Shares