Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Темір тордың ар жағында да шығармашылықпен айналысуға болады

Темір тордың ар жағында да шығармашылықпен айналысуға болады

Жазасын өтеуші Самал Жәкееваның өмірі ешқашан шығармашылықпен байланыспаған. Алайда, бір күні сурет байқауына қатысқан әйел өзінің суретші ретіндегі қабілетін байқаған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оның айтуынша, ол кейде баласының мектебі үшін немесе достарының сұрауы бойынша ғана сурет салған. Солтүстік Қазақстан облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жүргенде Самал сурет салуға мықтып кіріседі.

Сотталушының бұл қабілетін байқаған мекеме қызметкерлері оған Бүкілресейлік шолу аясында Мәскеуде өткен православтік сурет байқауына қатысуды ұсынады. Еңбек далаға кетпеді. «Христос және бейбітшілік» атты майлы бояумен салған суреті үшін Самал үш елден келген қатысушылар арасында екінші орынды иеленді.

«Мен – өздігімен сурет салуды үйренген суретшімін, мұнда түскеннен кейін сурет сала бастадым. Шынымды айтсам, менің суретім осыншама талантты қатысушылардың арасында екінші орын алады деп ойламадым. Бұл менің майлы суретім болатын. Мен оған бүкіл жанымды салдым. Мекеме басшылығының және жасақтағы қыздардың қолдауының арқасында қабілетімді жан-жақты аша білдім. Болашақта сүйікті ісіммен айналыса беремін. Жарыстарға қатысатыным сөзсіз», – дейді Самал.

Жүлдені жеңіп алғаны үшін Мәскеуден тікелей жіберілген дипломды сотталушыға түрмедегі епархия басқармасының бастығы иеромонк Серафим табыс етті, сонымен қатар бағалы сыйлықтар берілді.

 

 

 

Shares