Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тепличное ауылында 300 адам сенбілікке шықты

Тепличное ауылында 300 адам сенбілікке шықты

“Таза Қазақстан” акциясы аясында Тепличное ауылында сенбілік өтті. Оған 300-ге жуық адам, соның ішінде облысымыздың әскери міндеттілері, сондай-ақ Қызылжар ауданының тұрғындары қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қоқыс, бүлінген жиһаз, құм, лай шығарылып жатыр. Арнайы бригада белгіленген үйді жөндеуге келді. Біз жөндеуді өз бетінше жасай алмайтындардың есебін жүргіземіз. Оларға мамандар тобы көмектеседі, құрал-сайман, материалдар, техника бар. Қажеттінің бәрін бүгінгі сенбілік үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары ұсынды. Осында екі КАМАЗ, тиегіштер жүр”, – деді аудан әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева.

Этномәдени бірлестіктердің мүшелері де экологиялық акцияға қатысты.

“Зардап шеккен жандарға аулаларын ретке келтіруге көмектесудеміз. Еріктілерді тарттық, бірлесе жұмыс істейміз. Таза бейсенбіліктер, сенбіліктер ұйымдастырамыз, біріксек ғана оң өзгеріс орын алады. Тәжік орталығына алғысымыз шексіз. Бүгін олар сенбілікке қатысушыларға ауыз тигізу үшін палау дайындады”, – деді СҚО ҚХА мүшесі Сәлімхан Сәбитов.

Тепличное тұрғындары көмек қолын созған әрбір жанға риза.

“Мен 100 АЕК төлем алдым, күнделікті қажеттіліктерге қаражат бар, таныстарымның үйінде тұрамын, бағалаушы үйді қарады, баспана қалпына келтіруге жарамды, бірақ алдымен кептіру керек”, – деді Тепличное ауылының тұрғыны Олег Волошин.

Shares