Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тимирязев ауданында экоакция аясында 1,5 мыңға жуық көшет отырғызылды

Тимирязев ауданында экоакция аясында 1,5 мыңға жуық көшет отырғызылды

6 мамыр күні “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Тимирязево ауылында орналасқан мәдениет үйінің жанындағы саяжолда ағаш егілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Шара алдағы Отан қорғаушылар күніне орайластырылды. Жас көшеттерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері, интернационалист жауынгерлер және өрт сөндірушілер отырғызды.

“Таза Қазақстан” акциясы бүкіл аудан аумағында өтуде. Ол басталғаннан бері 1,5 мыңнан астам шырша, қайың және шетен көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, аудан тұрғындары саяжолдарды, саябақтарды, аллеяларды, сондай-ақ өз үйлерінің жанындағы аумақты ретке келтіреді”, – деді Тимирязев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Раушан Медетова.

Shares