Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Вагулино ауылында мүлікті бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді

Вагулино ауылында мүлікті бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді

Вагулин ауылдық округінде су тасқынынан 19 үй зардап шекті. Су Кустовое, Красноярка және Вагулиноға кірді. Барлық үш ауылда мүлікті бағалау жұмысы жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша арнайы комиссия бас қосады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Вагулино ауылында су тасқынынан 12 үй зардап шекті.

“Тізенің деңгейінде су болды. Барлығы су астында қалды. Жиһаз, ас үй жиынтығы, төсек қалды, бәрі жарамсыз күйде. Бағалау жұмысы енді ғана аяқталды. Осылайша, бір нәрсе істеуге рұқсат алдық. Бүгіннен еденді алуға, кептіруге және қалпына келтіруге кірісеміз”, – деді Қызылжар ауданына қарасты Вагулино ауылының тұрғыны Наталья Лахтина.

Жергілікті билік ауыл тұрғындарына үйлерін қалпына келтіруге көмектесуде. Мұнда сенбіліктер өткізіліп, гуманитарлық көмек жеткізіледі.

“Мемлекет барлық шығындар үшін жауап береді. Жөндеуді толығымен өтейді. Егер сіз өз үйіңізді жөндей алмасаңыз, біз сізге механикалық бригаданы немесе бәрін толығымен жөндейтін мердігерлік ұйымды ұсынамыз. Ал егер сіз жөндеуді өзіңіз жасасаңыз, онжа бюджет қаражаты сіздің шотыңызға түседі және сіз өзіңіз жөндейсіз. Іс аяқталғаннан кейін бізге фотоесеп ұсынасыз”, – деді “AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық қоғамдық штабтың басшысы Гүлсім Кәрімова.

Shares