Виталий Хоценко мен Ғауез Нұрмұхамбетов Абай мен Пушкиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценконың жұмыс сапары әртүрлі шарадан тұрды. Ол өңір басшысымен бірге Абай мен Пушкиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Шараға Омбы делегациясының өкілдері және СҚО ҚХА мүшелері қатысты.
“Қазақстан мен Ресей ұзақ жылдар бойы тату-тәтті көршілік қарым-қатынасты ұстанып келеді, мұндай көшпелі кездесулер өте маңызды деп ойлаймын. Біздің облыстарымызда өзара іс-қимылды дамыту үшін көптеген мүмкіндік бар. Өңірлер өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықта үлкен табыстарға қол жеткізді. Біздің алдымызда бірлескен бірсыпыра іс-шара бар, солардың арқасында тығыз қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайта аламыз”, – деп атап өтті Ресей СІМ-нің Омбы қаласындағы өкілдігінің басшысы Елена Генова.