Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Явленкада жаңа спорт кешені ашылды

Явленкада жаңа спорт кешені ашылды

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жаңа нысанда бірнеше спорт түрімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Спортшылар мен ауылдықтар енді жыл бойы спортпен шұғылданатын болады. Келесі жылы Явленкадағы стадионды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Оған қоса, биыл Саумалкөл мен Новоишимское ауылдарында да спорт кешендерінің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ облыста 4 жабық хоккей кортының құрылысы жалғасуда.

Shares