Заречный кентінде Ауған соғысы ардагерлеріне арналған шығармашылық кеш өтті
15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл болады. Атаулы дата қарсаңында Заречный кентіндегі “Көктем” балалар-жасөспірімдер клубының базасында балалар мен ардагерлердің қатысуымен концерт өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Іс-шараға 120-дан астам адам қатысты. Сахнада 18 жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері бақ сынады.
“Олар шығармашылық нөмірлер көрсетеді. Үздіктерді естелік сыйлықтармен марапаттаймыз. Біз жастарымыздың осындай тарихи оқиғаларды ұмытпағанын қалаймыз, сол үшін осындай кештер өткіземіз”, – деді Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.
Ауған жерінен әскерлердің шыққанына 35 жыл толуы қарсаңында облыс бойынша түрлі іс-шаралар өтуде. Олар: батылдық сабақтары, спорттық жарыстар, шығармашылық кештер.
“Шақырғандары үшін өте ризамын. Қазіргі уақытта Ауғанстандағы соғысқа қатысқан 1,5 мың солтүстікқазақстандықтың 609-ы қалды. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік тілеймін”, – деді СҚО Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Әлжанов.