Жамбыл ауданында СҚО ТЖД қызметкерлері 15 бас мал мен 30 құсты өрттен құтқарды.
Жамбыл ауданында жеке тұрғын үйде өрт болды. Тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды QZ News.
Өрт сөндірушілер қора-қопсыны, 15 бас малды, 30 құсты – тауық, қаз, үйректі аман алып қалды. Зардап шеккендер жоқ.
«Өртке себеп – жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуы. Өртті сөндіруге “Атамекен-Агро” ЖШС-нің ДПФ бөлімшесі қатысты», – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.