Жанат Сәдуақасов Қызылжар ауданының басты проблемасын атап өтті
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылжар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен оның даму перспективалары туралы аудан басшысы Жанат Сәдуақасов баяндады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Аудандағы негізгі проблеманың бірі – сумен жабдықтау, деп атап өтті әкім. Ауданда 15,5 мың үй бар, оның 13 мыңына ғана сапалы ауызсу кіргізілген. 2019 жылдан бастап “санация” әдісімен сумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстары біртіндеп жүргізілуде. Бұл – 40 км желі. Ал жаңа тарату желілері – 67 км.
“Биыл Архангельское, Новокаменка және Пенково ауылдарында “Соколов топтық су құбырын қайта құру” жобасы басталды. 2024 жылы 6 ауылда жалғасады. Сонымен қатар, осы жобадан 2 ауыл: Соколовка және Барневка алынып тасталды. Осы ауылдардың су мәселесін шешу үшін біз жобалау-сметалық құжаттаманы әзірледік, қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Бұдан басқа, Бескөл, Тепличное және Чапаев ауылдарында желілер салу жоспарлануда. Бәйтерек, Водопроводное, Красная горка ауылдарындағы сорғы станцияларын жөндеу керек”, – деп толықтырды Жанат Сәдуақасов.
Сондай-ақ, аудан басшысы жолдарды қалпына келтіру жұмыстары туралы айтып берді. Олардың жалпы ұзындығы – 751 шақырым. Соңғы жылдары 129 шақырымнан астам аудандық жолдар мен 155 шақырым кентішілік жолдар жөнделді. Облыс әкімдігінің арқасында 7 ауылдағы кентішілік жолдар орташа жөндеуден өтті. Шаховское мен Рассвет ауылдарына кіреберіс бөлікті күрделі және орташа жөндеуден өткізу мүмкіндігі туды