Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері солтүстікқазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері солтүстікқазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Жергілікті этномәдени бірлестіктердің мүшелері қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қашан да қолдайды. Қазақстан халқының бірлігі күні олар өңір тұрғындарын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Солтүстік Қазақстан облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығының атынан Қазақстан халқын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, бірлік, бейбітшілік пен достық тілеймін. Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін”, – деді әзірбайжан мәдениеті облыстық орталығының төрағасы Чингиз Курбанов.

“Бейбітшілік, достық, жақсылық, құрмет. Бұл сөздер әртүрлі жерде айтылады, бірақ біз оларды айтқан кезде олардың біздің өміріміздегі ең маңызды сөздер екенін түсінеміз”, – деді “Қазақстанның Орыс қауымдастығы” ҚБ СҚОФ баспасөз хатшысы Надежда Рудикова.

1 мамыр күні солтүстікқазақстандық түрлі ұлт өкілі бір-біріне жылы сөздер айтты.

“Мен барлығын осы ұлы мерекемен құттықтаймын. Әр үйге, отбасына амандық, бақыт тілеймін. Бұл ұлы мерекені бір-бірімізге деген құрметпен және келісіммен қарсы ала берейік”, – деп атап өтті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Shares