Жүсіп Жұмағұлов СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және СҚО әкімінің өкімімен Жүсіп Рахатұлы Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Әр жылдары Елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Сарыарқа» ауданының әкімі болды.
Осы тағайындауға дейін Астана қаласының «Нұра» ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Жаңа лауазымда ол ішкі саясат, мәдениет, білім, еңбек және дін мәселелеріне жауап бермек.