Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданованы жерлестері салтанатты түрде қарсы алды

2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданованы жерлестері салтанатты түрде қарсы алды

Өткен демалыс күні 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова елге оралды. Оны жерлестері облыс орталығында орналасқан А.Винокуров спорт сарайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ел мерейін асырған қызды жеңісімен құттықтауға спорт ардагерлері, қала мен облыс орталығында орналасқан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жас спортшылары, Натальяның туған-туыстары мен достары, сондай-ақ оның жанкүйерлері келді.

«Бұл – оның барлық жанкүйері үшін үлкен қуаныш. Біз оған сенеміз және Наталья Олимпиада лицензиясы үшін сәтті күресіп, болашақта Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынау құқығына қол жеткізеді деп үміттенеміз», – деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Еске салайық, Қытайда өткен Азия ойындарында алғаш рет бақ сынаған Наталья Богданова Қазақстан құрамасына қола медаль әкелді. Оған 66 келі салмақ дәрежесінде 1/4 финалда моңғолиялық Цэцэгдари Мягмарсурен қарсылас атанды. Жекпе-жек 5:0 есебімен Богданованың жеңісімен аяқталды. Өкінішке қарай, жерлесіміз жартылай финалда қарсыласына есе жіберді.

 

Shares