Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » 2025 жылы Аққайың және Уәлиханов аудандарында хоккей корттарын салу жоспарлануда

2025 жылы Аққайың және Уәлиханов аудандарында хоккей корттарын салу жоспарлануда

Облыс халқының 42%-дан астамы спортпен шұғылданады. Облыс билігі аймақта белсенді азаматтардың көбеюі үшін қажетті жағдай жасауға тырысады. 2023 жылы өңір аудандарының аумағында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 жабық хоккей корты пайдалануға беріліп, стадионға күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бейінді ведомствоның мәліметінше, биыл СҚО-да жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен хоккей корты іске қосылды. Қазір
Кішкенекөл селосында жүзу бассейнінің, Келлеровка селосы мен Мамлютка қаласында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Ал Саумалкөл, Пресновка, Бескөл және
Петровка ауылдарында 4 жабық хоккей корты салынуда. Сонымен қатар, Тайыншада, Явленка ауылында және Новопокровка ауылында 3 стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мамлютка қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілгеннен кейін облыстың әрбір аудан орталығында осындай спорт нысаны жұмыс істейтін болады. 2025 жылы СҚО-дағы Аққайың және Уәлиханов аудандарында екі жабық хоккей кортын салу жоспарланған.

Shares