Александр Винокуров Ironman әлем чемпионатында алтын жеңіп алды
VinFast IRONMAN 2023 әлем чемпионаты алғаш рет Ниццада (Франция) өтті. Ардагер спортшылар санатында аты аңызға айналған қазақстандық велошабандоз және Astana Qazaqstan Team клубының бас менеджері Александр Винокуров алтыннан алтын тағынды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.
Дүние жүзіндегі барлық жас санатындағы үздік триатлоншылар Көк теңіз жағасына 140,6 шақырымды бағындыру үшін жиналды. Сайыс қатысушылары мұхитта жүзіп, велосипедпен жүріп, кейін жағалаумен жаяу жүгірулері тиіс еді.
«Ironman әлем чемпионаты менің үйімнен алыс емес жерде өтті. Сол себепті қатыспасқа болмады. Қолымнан келгенше дайындалдым, жарыстар мен іс сапарлар арасында жаттығуға уақыт табуға тырыстым. Таңертең ерте жаттығатынмын. Жақында Глазгода өзімнің жас санатым арасында велоспорттан әлем чемпионатында жеңіске жетсем, енді Ironman жарысында жеңісіне қол жеткізіп отырмын. Ниццадағы жолды бұрыннан білемін. Мен оны Тур де Франсқа дейін өткен болатынмын, сондықтан маған жеңілірек болды. Елім үшін тағы бір әлем чемпионатының алтын медалін алғаныма өте қуаныштымын. 50 жылдық мерейтойыммен қатар келген жеңісімді барша қазақстандықтарға және ата-анама арнағым келеді», – деді Александр Винокуров.
Бұған дейін спортшы Глазгода өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.