Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Ақжар ауданында жабық хоккей корты ашылды

Ақжар ауданында жабық хоккей корты ашылды

Ақжар ауданының Талшық ауылында жаңа хоккей корты салынды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа спорт нысанын аралап, аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Енді спортшылар мен аудан тұрғындары қолайлы жағдайда қысқы спорт түрлерімен айналыса алады. Жазда корт футбол алаңына айналады. Биыл облыста барлығы 5 заманауи хоккей корты ашылады.

Сондай-ақ, ауданды аралау барысында өңір басшысы сүт фермасы мен гидропониканың жұмысымен танысып, элеваторда серіктестік басшыларымен аграрлық сектордың мәселелерін талқылады. Бүгінде аудан орталығында 30 әлеуметтік нысан мен көпқабатты үйді жылумен қамтамасыз ететін жаңа қазандық жұмыс істейді.

Ұзындығы 9,7 шақырымды құрайтын жылу желілері салынуда.

Shares