Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Биатлоннан спорт шеберлігіне үміткер Владимир Щербаков А.Винокуров спорт сарайының директоры атанды

Биатлоннан спорт шеберлігіне үміткер Владимир Щербаков А.Винокуров спорт сарайының директоры атанды

1 қарашада Владимир Щербаков Спорт сарайының директоры болып тағайындалды. Облыста ол биатлоннан спорт шеберлігіне үміткер азамат және биатлоннан ұлттық санаттағы төреші ретінде танымал, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Владимир Петрович Щербаков 1973 жылы 2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1993 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Беловская орта мектебінің балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру үйірмесінде жаттықтырушы және мұғалім болып бастады. 2000-2014 жылдар аралығында Мамлют аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды.

2014 жылдан бері Қ.Байболов атындағы облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарды.

2023 жылдың 1 қарашасында Владимир Щербаков А.Винокуров атындағы Спорт сарайының директоры болып тағайындалды.

 

Shares