Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » “Дельфин” тәрбиеленушілері өз бассейнінде жаттығы алмай жүр

“Дельфин” тәрбиеленушілері өз бассейнінде жаттығы алмай жүр

“Техноком” ЖШС “Дельфин” спорт мектебіндегі бассейнді жөндеуге шілде айында кірісті. Мердігер осы айдың соңында нысанды пайдалануға беруді жоспарлаған еді. Бірақ, іс айтарлықтай созылып кетті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Дельфинде” барлығы 400-ге жуық бала жаттығады. Қазір ересек тәрбиеленушілер Солтүстік Қазақстан университетінің бассейнінде жаттығуға мәжбүр, ал кіші топ спорт мектебінің кіші бассейнінде шеберлік шыңдауда. Негізгі бассейн қашан тапсырылатыны әлі белгісіз. Алайда, бір нәрсе белгілі. Мердігер материалдық жазаға тартылады.

“Бүгінгі таңда бассейн ішіндегі плиткалар ауыстырылды. Витраж терезелер де жаңаланды. Қазір құрылысшылар керамиканы бөлшектеу жұмыстарын жүргізуде. Ережеге сәйкес, егер мердігерлер кестеден қалыс қалса, өсімпұл тағайындалады және техникалық әрі авторлық қадағалау жүргізіледі”, – деп атап өтті “Дельфин” БЖСМ директоры Бақыт Арықбаев.

 

 

 

 

Shares