Евгений Федоров пен Алексей Луценко Азия ойындарында алтын және күміс медаль еншіледі
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында ерлер арасында қашықтығы 210 шақырымды құрайтын топтық веложарыс өтті, деп хабарлайды QZ MEDIА тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстаннан жарысқа төрт спортшы шықты: Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Алексей Луценко. Федоров пен Луценко жарыстың алғашқы кезеңдерінде сенімді түрде алға шықты. Қорытындысында Евгений жеңімпаз атанса, Алексей күміс жүлдені жеңіп алды және олар бірдей уақытта мәреге жетті (4:25:29). «Қола» Моңғолия өкілі Жамбалцамца Саибайярға бұйырды. Груздев бесінші, ал Брусенский 18-ші болып мәреге жетті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей сында алтын алған болатын.
Осылайша, Қазақстанның қоржынында қазір 53 медаль бар: 6 алтын, 12 күміс және 35 қола. Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанда аяқталады.