Италияда СҚО-лық полицей-кикбоксшылар «алтын» және «қола» медальдар жеңіп алды
Солтүстік Қазақстан облысының полицей-кикбоксшылары кикбоксингтен бірінші және үшінші орын алып қайтты. Облыс әкімдігінің өкілдері мен полиция қызметкерлері Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен әлем кубогынан оралған спортшыларды қарсы алды, деп хабарлайды QZ News.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ибрагим Беков пен Нұрсұлтан Жақыпов Қазақстан құрамасы сапында 86 кг салмақ дәрежесінде «фул-контакт» бөлімінде өнер көрсетті.
Полиция майоры Беков екі жекпе-жекте жеңіске жетіп, қазылар шешімімен үшінші орынға ие болды. Ал оның әріптесі, полиция аға лейтенанты Жақыпов үш жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалда қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды.