Kozybayev University студенттері жеңіл атлетика және қысқы Президенттік көпсайыс бойынша ҚР чемпионаттарында жеңімпаз атанды
Kozybayev University студенттері спорттық жетістіктерін жалғастыруда. Спортшылар Қазақстан Республикасының екі чемпионатында жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды QZ News.
21-23 ақпан күндері Өскемен қаласында өткен жастар арасындағы жеңіл атлетика бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында университет студенттері келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Кирилл Субботин – 800 м қашықтықта 1-орын;
Ромео Петров – ұзындыққа секіруде 2-орын;
Арсен Өміржанов – үш қарғып секіруде 2-орын;
Александр Бектасов – 800 м қашықтықта жүгіруде 3-орын.
Сонымен қатар, университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22-26 ақпан аралығында облыс орталығында қысқы Президенттік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Бұл жарыста да университет студенттері үздік атанды:
Данила Свиржевский – 1-орын;
Аркадий Есман – 2-орын.
Сондай-ақ, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, жаттықтырушы Наумов Александр Владимирович алтын медаль жеңіп алды.