Күрестен әлем чемпионы атанған солтүстікқазақстандық немен айналысады?
Бүгін Ризабек Айтмұханның күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық екенін жаздық. Белгілі болғандай, 19 жастағы жігіт спорт әлемінде тарихи серпіліс жасап қана қоймай, Отанға қызмет етіп жүр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жеңіске жеткеннен кейін чемпион жігіт алғашқы әсерімен бөлісті.
«Құттықтауларыңызға көп рахмет! Бұл медаль тынымсыз еңбектің арқасында келді. Мен тоғыз жыл жаттықтым. Әлем чемпионы болғанымды әлі толық түсінбей тұрмын. Үйге оралған соң, мұны отбасыммен әлдеқайда күшті сезінетініне сенемін», – дейді Ризабек Айтмұхан.
Қатардағы жауынгер Ризабек Айтмұхан – Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылының тумасы. Ол осы жазда Алматы қаласына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында әскери борышын өтеуге шақырылды.