Наталья Богданова Thailand Open-2025 турнирінде Қазақстанға тағы бір алтын сыйлады
Солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде финалдық жекпе-жекте жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальды салды, деп хабарлайды QZ News sports24.kz сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші кездесуде ол қытайлық боксшы Чжао Чуньюуаньмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) сенімді жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, Богданова бұған дейін 2024 жылғы Азия чемпионы атанған, сондай-ақ 2025 жылғы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Таиландтағы жеңісі — қазақстандық әйелдер боксы мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстан үш алтын медаль иеленді. Бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 кг), Диас Молжігітов (80 кг) және Виктория Графеева (60 кг) жеңімпаз атанған.