Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Назгүл Маратова дзюдодан ашық Азия кубогында алтын медаль еншіледі

Назгүл Маратова дзюдодан ашық Азия кубогында алтын медаль еншіледі

Солтүстікқазақстандық спортшылар өз жетістіктерімен таң қалдыруды жалғастыруда. Осы күндері дзюдодан Ақтауда ашық Азия кубогы өтіп жатыр. Кеше 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде тартысқа түскен Назгүл Маратова жарыстың алтын медалін иеленді, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Ақтауда Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық ашық Азия кубогының салтанатты ашылуы өтті. Бұл шара Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналды.

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған жарысқа Қазақстанның үш қаласы мен 17 облысынан 250-ге жуық дзюдошы, сондай-ақ Армения, Әзірбайжан, Гонконг, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Габон елдерінен келген спортшылар қатысуда.

«Біз чемпионымызды және оның жаттықтырушыларын Азия кубогындағы жеңісімен құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!», – деп құттықтады СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов фейсбуктегі парақшасында.

Shares