Параатлеттер Герлиц пен Хамитов әлемдік додаларда 5 медаль жеңіп алды
Солтүстікқазақстандық парашаңғышылар тағы да жеңіс тұғырында! Ербол Хамитов пен Александр Герлиц халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетті, деп жазады QZ News.
Ербол Хамитов Қазақстанға Норвегиядағы әлем чемпионатында спринт бойынша қола медаль әкеліп, сондай-ақ Әлем кубогында жекелей жарыста күміс, спринтте қола жеңіп алды.
Александр Герлиц Әлем кубогында жекелей жарыста күміс жүлдегер, ал спринтте қола жүлдегер атанды.