Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен жарыс басталды

Петропавлда әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен жарыс басталды

Облыс орталығында ҚР Ұлттық ұланының 22-ші спартакиадасы аясында қазақ күресінен жарыс басталды. Оған республиканың 6 әскери бөлімінен келген әскери қызметшілер қатысуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазақ күресінен “Орталық” өңірлік қолбасшылығының біріншілігін өткіземіз. Жарысқа өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімдері, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар қатысады. Ұлттық спортымызды насихаттау үшін Ұлттық ұлан тарихында алғаш рет қазақ күресі бойынша дода өткізілуде”, – деді “Орталық” өңірлік қолбасшылығының  басқарма бастығы Медет Есембаев.

Жарыстың құрметті қонағы КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Виктор Денисенко болды. Олар біршама жыл ішінде спорттық қызметте лайықты ізбасарлардың бірнеше легін тәрбиеледі.

“Жарыс рухты көтеру, техниканы үйрену үшін өткізіледі. Қазақ күресінің техникасы жайлы айтып отырмын. Біздің облыста спорт шеберлері бар. Еуропаның алғашқы чемпионы – Мақсат Нүсіпов. Ол менің шәкіртім. Менде 5 адам спорттың осы түрі бойынша “спорт шеберін”орындады. Ұлттық күрес қазір әлемдік деңгейге шықты, Қазақстанда әлем чемпионаттарын өткізіп жатырмыз. Балаларға осы жарыстарда өздерін лайықты көрсетулерін тілеймін”, – деді КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Денисенко

Жарыс екі күнге созылады. Жеңімпаздарды марапаттау 16 ақпанда өтеді. Қоса кетейік, Петропавлда 12-14 наурыз аралығында Өскеменде өтетін Ұлттық ұлан чемпионатына қатысу үшін үздік балуандар іріктелуде.

 

 

 

 

Shares