Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда еліміздің үздік шабандоздары бәйгеде бақ сынайды

Петропавлда еліміздің үздік шабандоздары бәйгеде бақ сынайды

14 маусым күні Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромында бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионатының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды QZ News.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін үздік шабандоздар 22,7 миллион теңге көлеміндегі басты жүлде мен турнирдің финалына жолдама үшін бақ сынайды.

Жарыс төрт дәстүрлі ат спорты түрінен өтеді:

  • Құнан бәйге
  • Топ бәйге
  • Аламан бәйге
  • Жорға жарыс

Көрермендер үшін бұдан бөлек, сонымен қатар ойын-сауық бағдарламалар,жанды музыка және OLIMPBET компаниясы ұсынған сыйлықтар ойнатылады. Бұл – тұлпар тұяғының дүбірін сезініп, Ұлы Даланың рухын түйсінуге таптырмас мүмкіндік.

Өтетін орны: «Құлагер» ипподромы, Қызылжар ауданы
Басталуы: 12:00

Shares