Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда грек-рим күресінен турнир өтті

Петропавлда грек-рим күресінен турнир өтті

Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара грек-рим, еркін және әйелдер күресінен еңбек сіңірген жаттықтырушы Жаңаберген Қармандаевты еске алуға арналды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жерлесіміз республикада спорттың дамуына үлкен үлес қосты. Үшінші жыл қатарынан Петропавлда оның құрметіне турнирлер өткізілуде. Жарысқа 20 жасқа дейінгі ұлдар қатысты. Қазақстанның 12 облысынан және Ресейдің екі қаласынан 100-ден астам спортшы үздік атағы үшін күресті.

“Грек-рим күресі – дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Бізде Данияр Каленов, Аманғали Бекболатов сияқты атақты спортшылар бар. Солтүстік Қазақстан облысында бұқаралық, балалар және кәсіби спортты дамыту үшін аз жұмыс жасалмайтынын атап өткім келеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, хоккей корттары салынуда, “Қарасай” стадионы қайта жаңғыртылуда”, – деп атап өтті дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Shares