Петропавлда йога мерекесіне 200-ге жуық адам қатысты
23 маусым – Халықаралық йога күні! Осыған орай Петропавлдың басты алаңында таңертең бірнеше сағаттық мерекелік шара өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Іс-шараға қатысу тегін болды. Спорттық мереке қонақтары үшін ойын-сауық бағдарламасы дайындалды, жаттықтырушылар ашық аспан астында конкурстар өткізді, тәжірибелік іс-қимыл көрсетті.
“Біз көп адамның йога әлеміне аяқ басқанын, денесімен жұмыс істеуді, оны сезінуді үйренгенін қалаймыз, әсіресе осындай мазасыз уақытта бұл қажет. Бақытымызға орай, бізді Үндістан елшілігі қолдайды, бізге әкімдік, филармония көмектесті. Мерекеге 200-ге жуық адам келмекші. Жыл сайын шараның ауқымын арттырғымыз келеді. Бұл – біздің мақсатымыз”, – деді йога жаттықтырушысы Елена Голубева.
Ұйымдастырушылар мерекенің кішкентай қонақтары үшін аниматор жалдаған. Іс-шараны “Арай” халық би ансамблі ашты. Кейін йога абонементтері ойнатылды. Артынша төзімділікке пен босаңсуға арналған жаттығулар өтті. Мереке медитациямен аяқталды, оның қонақтары естелік суретке түсті. Сондай-ақ олар жергілікті қолөнершілер мен кәсіпкерлер осы іс-шараға арнайы дайындаған тауарларды сатып алды.