Петропавлда Камиль Сафинді еске алуға арналған бокс турнирі басталды
Облыс орталығындағы бокс мектебінде Камил Сафинді еске алуға арналған дәстүрлі турнир ашылды. Жарысқа 73 спортшы 13 салмақ дәрежесінде қатысуда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Рингте Қазақстанның барлық өңірінің спортшылары, сондай-ақ Ресей Федерациясының командасы күш сынасады. Бұл – жерлесіміз, КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камил Сафинді еске алуға арналған 10 турнир.
Турнир дәстүрге айналды. Жарыс еліміздің барлық өңірлеріндегі жастарға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ол 5 күнге созылады, жексенбі, 5 қарашада соңғы жекпе-жектер өтеді.