Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда карате-до бойынша халықаралық турнирде 160-тан астам спортшыны бақ сынады

Петропавлда карате-до бойынша халықаралық турнирде 160-тан астам спортшыны бақ сынады

Петропавл қаласында Балаларды қорғау күніне орай Мейбукан Годзю-рю карате-до бойынша аймақтық турнир өтті. Сайысқа «AMANAT» партиясының СҚОФ, республикалық «Қазақстанның Әкелері» әкелер қауымдастығы және Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ News.

Турнирге Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Ресейдің Омбы мен Томск қалаларынан келген 160-тан астам жас спортшы қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне әкімдік, «AMANAT» партиясы, мәслихат өкілдері және жекпе-жек өнерінің танымал шеберлері қатысты. «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов бұл іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтті:

«Бұл турнир – жай ғана жарыс емес. Бұл – балаларымыздың болашағына қосқан үлес. Мұнда жастарымыздың бойында рух күші, бір-біріне деген құрмет, жауапкершілік пен жеңіске деген ұмтылыс тәрбиеленеді. «AMANAT» партиясының СҚОФ осындай бастамаларды қолдайтынына қуаныштымыз. Себебі дәл осындай спорт арқылы біз өзіне сенімді, отаншыл әрі дені сау ұрпақты қалыптастырамыз», – деді Жеңіс Асанов.

Турнирдің мерекелік атмосферасын дзюдо бойынша көрсетілімдер мен олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жоғары санаттағы жаттықтырушысы Людмила Ленцикова жетекшілік ететін көркем гимнастика бойынша нөмірі аша түсті.

Қиын да тартысты жекпе-жектер нәтижесінде бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының командасы иеленді. Екінші орынды Қостанай облысының командасы, ал үшінші орынды Ресейлік қонақтар жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталды.

Shares