Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда кудодан облыстық турнир бастау алады

Петропавлда кудодан облыстық турнир бастау алады

Петропавлда аралас жекпе-жектен облыстық деңгейдегі жарыс басталды. Турнир екі күнге созылады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жарысқа 4 жастан 17 жасқа дейінгі 150-ден астам спортшы қатысады. Олардың арасында мансабын енді бастағандар да, шеберлер де бар.

“Кудо бойынша турнир өткізіп жатырмыз. Астанадан клубтар келді, біздің қалалық филиалдар қатысуда. Жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен марапатталады. Өзін жоғары деңгейде көрсеткен спортшылар демеушілердің ақшалай сертификаттарымен де марапатталады. Марапаттау 19 мамырда өтеді”, – деді СҚО бойынша “Kudo Daido Juko” федерациясының президенті Олжас Дүйсенов.

Shares