Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

Облыс орталығында мемлекеттік қызметшілердің дәстүрлі облыстық спартакиадасы басталды. Оған жергілікті атқарушы органдардың, әкімдіктердің және күш құрылымдарының командалары қатысуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Салтанатты ашылу шарасы Александр Винокуров спорт сарайында өтті. Жиналған командалар мен қатысушыларды Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев құттықтады

Бірінші кезеңдегі жарыстар облыс орталығының түрлі спорт алаңдарында өтеді. Командалар тоғызқұмалақ, үстел теннисі және шағын футбол бойынша сынға түседі.

Ал келесі аптаның соңында өтетін екінші кезеңде қазақ күресі, волейбол, гір спорты, жүзу және шахматтағы мықтылар анықталатын болады.

Shares