Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасы: кім үздік атанды?

Петропавлда мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасы: кім үздік атанды?

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың екінші туры өтті. Оған жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен күш құрылымдарының командалары қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бір апта бұрын командалар тоғызқұмалақ, үстел теннисі және шағын футболдан жүлдеге таласты. Екінші кезеңде қазақ күресі, волейбол, гір спорты, жүзу және шахмат бойынша мықтылар анықталды.

Спорттың барлық сегіз түрі бойынша жарыс қорытындысына келейік. СҚО әкімінің аппараты облыстық атқарушы және аумақтық ұйымдар арасындағы командалық біріншілікте спартакиаданың жеңімпазы болып танылды.

Екінші орында – дене шынықтыру және спорт басқармасы және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы. Ең мықты үштікті СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен ҚР Сот әкімшілігінің СҚО бойынша  департаменті тұйықтады.

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың командалары арасында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті көш бастады. Екінші орында – СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті. Спартакиаданың “қола” жүлдегері – СҚО ТЖД.

Аудан әкімдіктерінің командалары арасында Ақжар ауданының құрамасы ең көп ұпай жинады. Екінші нәтиже – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда, ал үшінші орында – мамлюттіктер.

Shares