Петропавлда өткен “Қызылжар-2024” жартылай марафонына 300-ден астам адам қатысты
Облыс орталығында Қазақстан Конституциясы күніне арналған “Қызылжар-2024” жартылай марафоны өтті. Ол Пестрое көлінен басталды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов атап өткендей, жартылай марафонды дәстүрлі деп атауға болады. Өйткені ол үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
“Бұл шара біздің облыстың спорт күнтізбесінде өз орнын алды. Жартылай марафон ашық және оған дәстүрлі түрде тек солтүстікқазақстандықтар емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа да өңірлерінен жүгіруді жаны сүйетін адамдар қатысады”, – деп жазды әлеуметтік желілерде Сергей Мелехов.
Бұл жолы жаңбырлы ауа-райына қарамастан Пестрое көлінің жағасына үш жүзден астам қатысушы жиналды. Әрқайсысы өзі таңдаған қашықтыққа жүгірді: бес, он немесе жиырма бір.