Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда өткен веложарысқа 200 жуық адам қатысты

Петропавлда өткен веложарысқа 200 жуық адам қатысты

Петропавлда «Жаңа Қазақстан – адал, салауатты және мейірімді ұлт» веложарысы өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен спорттық жарыс сыбайлас жемқорлықтың, нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алуға негізделген.

«Жарыс Жеңіс саябағының аумағынан басталды. Онда түрлі жастағы екі жүзге жуық қатысушы саябаққа іргелес жатқан көшелермен жүріп өтіп, сыбайлас жемқорлық, нашақорлық пен есірткі қылмыстарына деген көзқарасын білдірді», – деп жазды әлеуметтік желілерде СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Веложарыстың әрбір қатысушысы мәреге жеткен кезде естелік медальға ие болды.

Shares