Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдың бүгінгі батырлары «Қажымұқан жолы 2023» турнирінде күш сынасты

Петропавлдың бүгінгі батырлары «Қажымұқан жолы 2023» турнирінде күш сынасты

Петропавлда «Қажымұқан жолы 2023» турнирі өтті. Жоба Қазақстан спортшылар одағының бастамасымен қолға алынған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оған Гиннес рекордтар кітабының рекордсмені, солтүстікқазақстандық батыр және палуан Сергей Цырульников бастамашы болды. Мұндай жарыс бұған дейін Ақтөбе, Түркістан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астанада өтті. Енді жоба Петропавлда да ұйымдастырылып отыр.

Жарысқа 8 спортшы қатысты. Әрқайсысы өзінің күші мен шеберлігін барынша көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 3-ші орын грек-рим күресінен спорт шебері Бауыржан Мусинге бұйырды. Жүлделі 2-ші орынға дзюдодан спорт шебері Әділет Мурзаш лайық деп танылды. Ал жарыста қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған – қазақ күресінен спорт шебері Әділ Қайыров.

Shares