Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлға муайтайдан әлем чемпионы атанған Шамиль Ермағамбетов оралды

Петропавлға муайтайдан әлем чемпионы атанған Шамиль Ермағамбетов оралды

Теріскейлік тайбоксшылар мен кикбоксшылар өңірге жеңіспен оралды. Жеке тоқталсақ, жерлестеріміз Петропавл вокзалына жиналып, муайтайдан екі дүркін әлем чемпионы атанған Шамиль Ермағамбетовты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Муайтайдан Грецияда өткен әлем чемпионатында Шамиль Ермағамбетов 54 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі, ол соңғы жекпе-жекте ресейлік Меджид Тимаевты жеңді. Осылайша, муайтайдан екі дүркін әлем чемпионы атанды және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері нормативін орындады.

Өткен жылдың мамырында қайратты бозбала Бангкок қаласында (Тайланд) өткен муайтайдан әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, бірінші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Сонымен қатар, жерлесіміздің жаттықтырушысы Руслан Малдыбаев та құттықтаулар қабылдады.

Ал бұдан кейін вокзалға біздің кикбоксшылар мінген тағы бір пойыз келді. 13-17 маусым аралығында Будапешт қаласында (Венгрия) кикбоксингтен ересектер арасында әлем кубогы өтті. Ұлттық құрама сапында біздің спортшылар лайықты өнер көрсетті. “Толық байланыс” бөлімінде Асылбеков Аслан (57 кг.) “алтын” алқа жеңіп алды. Ал Жарасов Данияр (54 кг.) және Жақыпов Нұрсұлтан (86 кг.) “қола” жүлдегер атанды!

Shares