Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » «Қарасай» стадионында жаңғырту жұмыстары 15-ші қыркүйекте аяқталады

«Қарасай» стадионында жаңғырту жұмыстары 15-ші қыркүйекте аяқталады

«Қарасай» стадионындағы жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Шаруа аяқталғаннан кейін нысан УЕФА-ның заманауи стандарттарына сай болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Спорт нысанын жаңғырту жұмысы бойынша келісім-шарт «ҚазЕвроСтрой» ЖШС-мен жасалды. Жұмысқа бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бүгінгі таңда алаңға автоматты су шашырататын және жаңбыр суын жинайтын жабдықтар орнатылды. Сондай-ақ, алаңды жылытатын жүйе мен жасанды жабынның негізі де дайын.

Жарықтандыру үшін биіктігі 40 метр болатын 4 баған орнатылды. Қазіргі уақытта жасанды жабындыны төсеу жұмыстары аяқталуда. Бүгінде сыртқы сумен қамтамасыз ету, таблоны жаңарту және шағын архитектуралық формаларды орнату жұмыстары да жүргізілуде. Стадионның дайындығы 90% құрайды. Іс 15 қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда.

Shares