Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қазақстан Ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатына шығуға тамаша мүмкіндігі бар

Қазақстан Ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатына шығуға тамаша мүмкіндігі бар

Өткен демалыс күні футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінде Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Матч қауіпті сәттерге толы болды. Бірақ бұл ойында бір ғана гол соғылды. Мергендігімен 27-ші минутта Максим Самородов көзге түсті. Бұдан кейін ирландиялықтардың есепті теңестіретіндей мүмкіндіктері болды. Бірақ қонақтар қанша тырысса да қақпамызға гол соғылмады. Осылайша ел құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Астана Аренаға» команданы қолдау үшін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы келді. Матчтан кейін ол ойыншыларды жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.

«Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйері үшін қуаныштымын. Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Telegram-арнасында.

6 ойыннан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 12 ұпай бар. Қазір біздің ойыншылар өз тобында 4-ші орында тұр. Айта кетейік, Еуропа чемпионатына тек алғашқы 2 команда ғана жолдама алады.

 

Shares