«Құлагер» ХК Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты
«Құлагер» хоккей клубы Қазақстан кубогында сәтті ойнап жатыр. Петропавлдық команда топтық кезеңнен сүрінбей өтіп, турнирдің жартылай финалында өнер көрсету құқығын иеленді. Бұл туралы хоккей клубының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Артем Аргоков шәкірттері төрт матчта үш рет жеңіп, алты ұпай жинады. Ұтқан ұжымдар: өткен маусымның чемпиондары «Арлан» (3:1), айдын иелері «Торпедо» (3:2) және «Алматы» (2:1). Айта кетерлігі, соңғы екі ойында командамыз жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алды.
«Торпедо» овертаймда жеңіліс тапты, ал «Алматы» клубын ойының аяқталуына небәрі төрт секунд қалғанда мүмкін болды. Ұпай ташкенттік «Хумо» командасымен ойнағанда бұйырмады. Айтпақшы, «Хумо» – қазіргі Кубок иегері. Солтүстікқазақстандықтар екі рет есепте алған шыққанымен, басымдықты соңына дейін ұстай алмады.
«Құлагер» маусымды аутсайдер ретінде бастады. Соңғы маусым біздің клуб үшін сәтсіз аяқталды: команда плей-офф кезеңіне өте алмады, ал Қазақстан кубогында топтық кезеңнен шықпады. Маусымаралық кезеңде түбегейлі қайта құрылу болды. Осының арқасында «Құлагер» жанкүйерлерді де, хоккей сарапшыларын да таң қалдырды.
«Мен Өскемен хоккей мектебінің түлегімін, біз әрқашан шабуылдаушы хоккей ұсынамыз. Сондықтан мен жігіттерге бірден шабуылдаушы хоккей ойнайтынымызды айттым. Біз әр ойында шабуылға басымдық береміз. Жанкүйерлерге ұнайды әрі нәтиже береді», – деді Кубок қарсаңында «Құлагер» ХК бас бапкері Артем Аргоков.
Команда жаттықтырушының тапсырмасын орындады. Төрт ойында 11 гол соғылды. Солтүстікқазақстандықтар арасында топтық кезеңде үш ұпай (2 гол + пас) жинаған Иван Казаченконың өнері ерекше атап өтілді. Ол – Петропавл хоккей мектебінің түлегі. Ал Александр Ананичев екі жеңіс голын (3+2) соқты. Үздіктердің бірі – «Арланға» қарсы бір матчта қақпаға бағытталған 39 шайбаға тосқауыл қойған қақпашы Денис Каратаев.
«Құлагер» ХК жаңа директоры Игорь Шерстов та пікір білдірді. Ол өткенге шолу жасап, тарихи деректермен де бөлісті.
«Біздің міндетіміз – жаңа команданы қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге 70 жылдан астам хоккей ойнайтын өңірдің ел Кубогының екі дүркін жеңімпазы екенін барлығына таныту. Біз команданың әлеуетін барлығына көрсеткіміз келеді: жанкүйерлерге, серіктестерімізге, демеушілерге. Бізге сенгендердің, жанкүйер болған жандардың көңілі қалмайтынына сенімдімін».
Кубок аясындағы жартылай финалдық ойындар 31 тамыз күні Өскеменде өтеді. Командалардың қарсыластары топтық кезеңдегі барлық матчтар аяқталғаннан кейін белгілі болады.