Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » “Қуаныш” ВК Қазақстан Кубогын еншіледі

“Қуаныш” ВК Қазақстан Кубогын еншіледі

СҚО әкімі “Қуаныш” волейбол клубын Қазақстан кубогын жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Бүгін біздің «Қуаныш» волейбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. Финалда біздің волейболшылар Алматының командасын 3-1 есебімен ұтты. Біздің қыздар бұл жетістікке жету үшін көп еңбек етті. Бұл бүкіл команда мен бапкерлердің ортақ жеңісі. Спорт сүйер қауымды солтүстікқазақстандық волейболдың үлкен жетістігімен құттықтаймын. Жеңіс құтты болсын!, – деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares