“Қуаныш” ВК сәуір айында клубтық Азия чемпионатында ел намысын қорғайды
Бүгін – волейболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы 32-ші ҚР чемпионатының IV туры аясындағы соңғы күн, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Өскемен қаласы мен Жетісу облысының командасы арасындағы екінші ойында чемпионаттан шығатын, яғни плей-оффқа қатыспайтын 9-шы команда анықталады”,- деді Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы, бас төреші Ермек Сырлыбаев.
Оның айтуынша, әзірге тек чемпионаттың алдын-ала қорытындысын шығаруға болады, өйткені 2, 3 ,4 орынды қандай ұжымдар иеленетіні белгісіз.
“Қорытынды ертең Өскеменнің және Түркістанның командалары арасындағы кездесуден кейін шығады. Осы матчтан соң кездесетін ширек финалдық жұптарды құруға болады. Біз СҚО-лық “Қуаныш” командасын құттықтай аламыз, олар тұрақты чемпионатты жеңіп алды, бірақ жалпы чемпионатты жеңіп алу керек”, – деді Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы, бас төреші Ермек Сырлыбаев.
Плей-офф 19-20 наурыз аралығында Түркістанда өтеді. Онда чемпионаттың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады. “Қуаныш” волейбол клубы сәуір айында клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның атынан қатысатыны белгілі. Бұл – клубтық әлем чемпионатына ресми іріктеу турнирі.