Қызылжар ауданының командасы Александр Липовойды еске алуға арналған турнирдің жеңімпазы атанды
Петропавлда еңбек және спорт ардагері, облыстың Құрметті азаматы Александр Липовойды еске алуға арналған жыл сайынғы облыстық турнир өтті. Жарыс 3 күнге созылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Александр Егорович Липовой аймақтың спортын, оның ішінде футболды дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Турнирге аудандық БЖСМ атынан 10 команда, сондай-ақ облыс орталығынан 3 команда қатысты.
12 жасқа дейінгі және одан кіші балалар өзара бап сынады. Бұл шамамен 180 баланы құрады. Матчтар “Қарасай” стадионы жанындағы алаңда өтті. Қызылжар ауданының командасы жеңімпаз атанса, “Жеңіс 2013” және Уәлиханов ауданының балалары жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Барлық жүлдегерлер марапат ретінде дипломдар, медальдар мен кубоктар алды.