Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » «Қызылжар» ФК өз алаңында жеңіліп қалды

«Қызылжар» ФК өз алаңында жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 24-ші тур ойындары өтті. Онда «Қызылжар» өз алаңында «Оқжетпес» командасын қабылдады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Кездесуде бірінші болып қонақтар гол соқты. 27-минутта Максим Драченко қызылжарлықтар қақпасын дәл көздеді. 13 минуттық ойыннан кейін көкшетаулық Жасұлан Молдақараев тағы бір гол соқты.

Қызылжарлықтар екінші таймда ғана бір голды қысқарта алды. Алаң иелері сапында Лука Имнадзе 50-минутта гол соқты. Бірақ біздің ойыншылар есепті теңестіре алмай, 3 ұпайдан айырылды.

Осы жеңілістен кейін «Қызылжар» ФК турнир кестесінде бесінші орында тұр. Біздің ойыншылар келесі кездесуін 21 қазан күні сыртта өткізеді. Терікейлік ұжым «Мақтааралға» қарсы ойнайды.

Shares