Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » «Қызылжар» футбол клубы «Каспийді» жеңді

«Қызылжар» футбол клубы «Каспийді» жеңді

Ақтаулық «Каспий» футбол клубына қарсы ойнаған петропавлдық команда жеңіске жетіп, аса қажет 3 ұпайға ие болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Матч басталмай тұрып біздің команда турнирлік кестеде 5-ші орында тұрса, қарсылас ұжым турнир аутсайдерлері қатарында болды. Бірінші таймда командалар бір-бірінің осал тұстарын іздегенімен, қақпадан саңылау таба алмады. Үзіліске тең нәтижемен тарасты.

Алаң иелерінің қақпасына бірінші голды 58-минутта Борис Смилянич соқты. Ал екінші голды 61-минутта Лука Имнадзе соқты. Біздің футболшылар кездесудің 87-минутында басымдықты арттырар еді. Өкінішке қарай, 11 метрлік нүктеден Юрий Бушман мүлт кетіп, командаластары мен жанкүйерлерді аһ ұрғызды.

Екінші таймның қосымша уақытында алаң иелері есепті қысқартты. Осылайша, матч 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Бұл жеңістен кейін петропавлдық «Қызылжар» алматылық «Қайратты» ығыстырып, турнирлік кестеде 4-ші сатыға жайғасты. Біздің ойыншылар келесі кездесуді 27-тамызда өз алаңында өткізеді. Қарсылас – павлодарлық «Ақсу» футбол клубы.

Shares