Солтүстікқазақстандық каратешілер кёкушинкай каратэден өткен XXI Еуразия кубогында 14 медаль жеңіп алды
Семейде кекушинкай каратэден XXI Еуразия кубогы өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген спортшылар қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Кекушинкай каратеден Еуразия кубогы дәстүрлі түрде өтеді. Ол 20 жыл бойы өткізіліп келеді. Биыл турнирге СҚО атынан 54 спортшы қатысты. Каратэшілер «Кумите» бағытында өз күштері мен шеберліктерін көрсетті. Бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымы РҚБ СҚОФ директоры Владимир Витченко сұхбатында айтып өткендей, қарсыластар мықты болды және барлық қатысушының дайындығы жоғары деңгейде байқалады.
Турнир қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық каратешілер бес алтын, үш күміс және алты қола медаль жеңіп алды.
“Біздің спортшылар да өздерін жақсы жағынан көрсетті. Спортшылардың алдында Мәскеудегі халықаралық әйелдер чемпионатына, Омбы қаласындағы достық турниріне дайындық тұр. Қыздар мен әйелдерге арналған негізгі турнир – Қазақстан Республикасының Чемпионаты, онда жеңіске жетіп, Қазақстанның ұлттық құрамасына қосылу керек. Ерлер мен жасөспірімдер үшін негізгі жарыстар 2025 жылы өтеді”, – деді Владимир Витченко.
2025 жылы Еуразия кубогы Омбы қаласында өтеді. Ал 2026 жылы Еуразия кубогын Петропавлда өткізу жоспарланып отыр.