Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық палуан Алтынбек Аусағитов – Әлем кубогының иегері

Солтүстікқазақстандық палуан Алтынбек Аусағитов – Әлем кубогының иегері

Қыркүйек айының басында Жетісу облысының Үштөбе қаласында көрнекті жазушы, қазақ детективінің негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған қазақ күресінен Әлем кубогы өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Үштөбеге әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген спортшы келіп, көрерменге тартысты белдесулер ұсынды, чемпиондық кубокты сарапқа салды. Жарыс нәтижесінде жерлесіміз Алтынбек Аусағитов чемпион атанды.

Алтынбек 100 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынды.

7 қыркүйекте чемпион туған жерге оралды. Оны А.Винокуров спорт сарайында достары, әріптестері мен туыстары қарсы алды. Ел мерейін асырған палуанды тағы да айтулы жеңісімен құттықтаймыз!

Shares