Солтүстікқазақстандық Шамиль Ермағамбетов тай боксынан екі дүркін Әлем чемпионы атанды
Солтүстікқазақстандық спортшы Шамиль Ермағамбетов @bumblebee_2307 тай боксы бойынша екі дүркін Әлем чемпионы атанды. Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов әлеуметтік желілердегі парақшаларында жазды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Шамиль Ермағамбетов Грецияда муайтайдан өткен Әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық тайбоксшылар U-23 және Elite дивизиондарында өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде қазақстандық Перу спортшысы Гонсало Завалосты жеңді. Ермағамбетов 1/4 финалда түрік тайбоксшысы Мете Яджиді ұтты. Ал жартылай финалда Шамиль португалдық тайбоксшы Джоэлем Колачоны 29:28 есебімен тізе бүктірді. Алтын медаль үшін таласта қазақстандық ресейлік Салават Исаевты сенімді түрде 30:27 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Шамиль Ермағамбетов салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік спортшысы атағын алды. Мұндай жайт Қазақстанда 20 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.
“Шамиль мен оның жаттықтырушылары Руслан Қажыбайұлы Молдыбаевты @mrusss86 және екінші жаттықтырушы @van_khon_tun_ivan Ван-Хон Тун Иван Владимировичті (СҚО құрамасының жаттықтырушысы) құттықтаймыз. Шамиль “Жауынгер” жекпе-жек клубында жаттығады! Құттықтаймыз!”,- деп жылы лебізін білдірді Сергей Мелехов.