Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында топ жарды

СҚО балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында топ жарды

20 жастағы солтүстікқазақстандық Ризабек Айтмұхан Албанияда еркін күрестен өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

97 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінің ақтық сынында Уәлиханов ауданының тумасына Ираннан келген спортшы қарсылас атанды. Кездесу 11:6 есебімен аяқталды. Өз кезегінде СҚО әкімі үш дүркін әлем чемпионын кезекті жеңісімен құттықтады.

“Біздің балуан Ризабек Айтмұқанды 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймын. Ризабек үш дүркін әлем чемпионы атанды. Балуанның табандылығы мен күш-жігері ел намысын қорғауда үлгі боларлық. Ризабек Қазақстанның атын асқақтатып, жас ұрпаққа жол көрсетті. Болашақта жеңімпазға спорт әлемінде биік белестерді бағындыруға тілектеспін”, – деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бір жылдан астам уақыт ішінде Ризабек Айтмұхан үш жас және екі салмақ санатында әлем чемпионы атанды. Биылғы жылдың қыркүйек айының басында солтүстікқазақстандық 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, ал өткен маусымда ересектер арасында еркін күрестен Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпионы атанды. Ол кезде спортшы 92 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Shares